Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін өткізу туралы ақпарат

Павлодар облысында 2022 жылғы 14-19 ақпан  аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңі өткізіледі. Қалалық/аудандық кезеңге жаратылыстану-математикалық бағыттағы (1548 қатысушы) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (1916 қатысушы) пәндер бойынша 3464 оқушы қатысады. Олимпиада облыстың 27 білім беру ұйымдарында өтеді: 3 қалада, 10 ауданда, дарынды балаларға арналған 14 мамандандырылған мектепте. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңі  Oqylyq.kz платформада өткізіледі  16 жалпы білім беретін пәндер бойынша (физика, химия, биология, математика, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру, орындалған олимпиадалық жұмыстарды тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, орындалған олимпиадалық жұмыстарды көрсету бөлігінде қашықтықтан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана  отырып жүргізіледі. Қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды app.oqylyq.kz.  тестілеу  жүйесінде  орындайды.

Similar Posts