Павлодар облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өткізіледі. Биылғы байқау 2022 жылғы 5 сәуірде дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашылық даму бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Маңызды іс-шараның басты мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Сайыс төрт бағыт бойынша өтті:

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы);
  2. «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау);
  3. «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу);
  4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (тұлғаларды сипаттау).

Конкурстың қазылар алқасы Торайғыров Университеті мен Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдарынан, «Astana TV» телеарнасының, «Найзатас» облыстық әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының тілшілерінен және ақындардан құрастырылды.

Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 61 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 31 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4; ІІ орын – 10, ІІІ орын – 13.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы) бағытында Бас жүлдені Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Имантай Мағзұм; І дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы М.-Ж. Көпейұлы ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қасым Нарғыз; ІІ дәрежелі дипломды – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Аянбекұлы Жанболат; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІІ дәрежелі дипломды – Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Батырхан Томирис; Май ауданы Қаратерек ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тайтулен Болат; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 11-сынып оқушысы Илимхан Динасыл иеленді.

«Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау) бағытында Бас жүлдеге Баянауыл ауданы №2 Майқайың ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тлеубергенова Аянна; І дәрежелі дипломға – Ақсу қаласы №1 қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Муратбеков Мадияр; ІІ дәрежелі дипломға – Тереңкөл ауданы Береговая ЖОББМ 10-сынып оқушысы Әкім Мирас; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6(8)-сынып оқушысы Котелевцева Варвара; ІІІ дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Жиксимбай Айша; Екібастұз қаласы №36 лицей-мектебінің 8-сынып оқушысы Төлегенқызы Амира; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 10-сынып оқушысы Байдәулетқызы Ақбота ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу) бағытында Бас жүлдемен Железин ауданы М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Серикбай Диляра марапатталды; І дәрежелі дипломмен – облыстық көп салалы лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Аянбек Жанбота; ІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 10-сынып оқушысы Тұрархан Толғанай; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Оразмаханбет Арай, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9-сынып оқушысы Абигерова Дамиля; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Ходон Ақжарқын, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Жанибек Жансая, Павлодар қ. №38 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Солтанмұрат Аяулым.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (сипаттау) бағытында Бас жүлде иегері – Екібастұз қаласы №36 лицей-мектебі 8-сынып оқушысы Телтаев Данияр; І дәрежелі диплом Павлодар қ. №19 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Қаиргелді Ерасыл; ІІ дәрежелі диплом – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушылары Қанатұлы Даниял мен Окпина Айым; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8-сынып оқушысы Куандыкова Айсана; ІІІ дәрежелі диплом – Павлодар қаласы №37 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Кунанбаев Ернар; Баянауыл ауданы №2 Майқайың ЖОББМ 11-сынып оқушысы Бакелова Айя; Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қойшыбек Нұрбақ; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6(8)-сынып оқушысы Бекполова Рузанна.

Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге қатысады.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts