«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 7-8 сәуір аралығында облыстық «Жас кемеңгер» мектебі олимпиадасын 8 пән бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану және биология, химия, физика, география) өткізді. Мектепте оқу сырттай түрде екі тур бойынша жүргізіледі. І турдың екі кезеңі қазан – қараша аралығында, ІІ турдың екі кезеңі ақпан – наурыз аралығында өткізіліп, барлық пәндер бойынша қорытынды олимпиадамен сәуірде аяқталады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасынан ғылым негіздеріне ерекше бейімділігі бар дарынды балаларды анықтау, олардың жоғары деңгейлі күрделіленген тапсырмаларды өздігінен орындау және шығармашылық қабілеттерін дамыту және іске асыруға жағдай жасау; облыстық және республикалық жарыстарда нәтижелілігін арттыру.

Облыстық олимпиадаға ауыл мектептерінің 5-7 сыныптарынан 183 оқушы қатысты: Павлодар қаласының ауыл аймағынан – 7, Екібастұз қаласының ауыл аймағынан – 12, Ақсу қаласының ауыл аймағынан – 44; Тереңкөл ауданынан – 3, Аққулы ауданынан – 21, Баянауыл ауданынан – 20, Май ауданынан – 33, Успен ауданынан – 11, Шарбақты ауданынан – 6, Ақтоғай, Ертіс және Железин аудандарынан – 7 оқушыдан,  Павлодар ауданынан – 5.

Олимпиада қорытындысы бойынша 72 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І орын – 10, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 42.

Хаттамасы

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts