Павлодар қаласында 2022 жылғы 25-28 сәуір аралығында жас математиктердің ІХ Аймақтық турнирі өткізілді.

Турнирге барлығы 16 команда құрамында 7-8 сыныптарының 96 оқушысы қатысты: Нұр-Сұлтан қаласынан 5 команда, Қарағанды қаласынан 2 команда, Ақтөбе  қаласынан 1 команда, Өскеменнен (Шығыс Қазақстан облысы) 1 команда, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен  2 команда  және Павлодар облысынан 5 команда.

Қазылар алқасы құрамына Павлодар облысы математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушылары кірді.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – командалық олимпиада,  екі лигаға  командаларды бөлу мақсатында жазбаша түрде  өтті. Екінші кезеңде қатысушылар 3 күн бойы тапсырмаларды шешу жолында сайысты. Турнирдің негізгі бөлігі – математикалық жарыстарда командалар күрделі тапсырмалардың шешімдерін қорғады.

Қызықты да қажырлы күрес нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей үлестірілді.

Бірінші лигада Бас жүлде мен турнирдің Үлкен Кубогын Павлодар қаласының «Радиан» командасы жеңіп алды.

I орын мен Кіші кубокты Бірінші лигада Ақтөбе қаласының «Aqtobe» командасы жеңіп алды.

Бірінші лигада ІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласының «Nurorda» және «AM GM» командалары жеңіп алды.

Бірінші лигада III орын – Павлодар облысының «Жалын» және «Факториал» құрама командалары, Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің «КБШ» командасы.

Екінші лигада I орынды Нұр-Сұлтан қаласының «Зерде» командасы иеленді.

Екінші лигада ІІ орын – Шығыс Қазақстан облысының «Интеграл» командасы.

Екінші лигада ІІІ орын – Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» және «305 kabinet» командалары.

Бірінші лигадағы Құрмет грамотасы Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Оптима» командасына табысталды.

Екінші лиганың Құрмет грамотасына Павлодар қаласының «Сигма» және Қарағанды қаласының «Х құрамасы» командалары ие болды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts