Философ-ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2022 жылғы 13 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қ. Естай ат. балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары өткізілді.

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашыл жас өрендер додасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен екінші рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.

Сайысқа 10 облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 2 республикалық білім беру ұйымнан 58 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 12.

Павлодар облысы білім беру басқармасы бағалы сыйлық әзірледі: Бас жүлде иегерлеріне – ноутбук, І орынға – ұялы телефон, ІІ орынға – сымсыз құлаққап, ІІІ орынға –Power Bank заряттау құрылғысы.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында Бас жүлдені Алматы қ. №108 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бексұлтан Дарын; І орынды – Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Имантай Мағзұм; ІІ орынды – Ақтөбе қ. Сазды ЖОББМ 11 сынып оқушысы Амангелді Асылханым; Абай ат. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Сейтжанұлы Ерасыл; ІІІ орынды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам ЖОББМ 10 сынып оқушысы Аушанов Ерсұлтан; Нұр-Сұлтан қ. №66 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Анияр Мұқаш; Түркістан облысы Төлеби ауданы №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Сарсенбай Арқат иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғауда Бас жүлдеге Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Асылбекова Ақнұр; І орынға – Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Тлеубергенова Аянна; ІІ орынға – Шымкент қ. №55 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Медеу Аселя; Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының 11 сынып оқушысы Кәдірбекова Мәдина; ІІІ орынға – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қ. №10 қазақ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Құмарбекова Нұрайлым; Атырау облысы Исатай ауданы Ж. Мырзағалиев ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Мұғау Шахризада; Абай ат. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Назарбекқызы Гүлназ ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазуда Бас жүлдені Атырау қ. Х. Ерғалиев ат. №35 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Асқар Асылай; І орынды – Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Ә. Бөкейханов ат. ЖОБББ 10 сынып оқушысы Мұратқызы Жайна; ІІ орынды – Алматы облысы Іле ауданы №24 лицейінің 9 сынып оқушысы Жасұланқызы Аружан; Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Б. Момышұлы ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Уразали Аида; ІІІ орынды – Қызылорда облысы Қазалы ауданы №29 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Байділдаева Қарақат; Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Аймухан Ерасыл; Павлодар облысы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Аянбек Жанбота жеңіп алды.

 «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында Бас жүлде иегері – Маңғыстау облысы Мұңайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Базарбай Бекарыс; І орын Алматы қ. №59 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Абдулла Нұрхан; ІІ орын – Алматы облысы Іле ауданы №40 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Медетақын Марғұлан; Павлодар облысы Екібастұз қ. №36 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Телтаев Данияр; ІІІ орын – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай ЖНББМ 9 сынып оқушысы Қырықбаева Динара; Қызылорда қ. №3 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аман Қарақат; Павлодар қ. №19 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қайыргелді Ерасыл.

«Талантты жас», «Зейінді зерттеуші», «Өзгеше ойлы ұлан» «Ұлы есімді ұлықтаушы», атты арнайы номинациялармен Атырау облысы Индер ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Байбақты Жандос; Қызылорда қ. №253 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Досмайлов Нұрсұлтан; Павлодар облысы Баянауыл ауданы М.-Ж. Көпейұлы ЖОББМ 11 сынып оқушысы Қасым Нарқыз; Қызылорда қ. №143 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Мұханбетрахымұлы Ернұр; Алматы қ. №188 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Әбдірашит Әйгерім; Нұр-Сұлтан қ. №58 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сақтаған Дильназ; Қарағанды облысы Балқаш қ. №15 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Амантай Айзат; Шымкент қ. Н. Оңдасынов ат. №38 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жайлаубай Ұлпан; Алматы қ. №182 ЖОББм 10 сынып оқушысы Халиолла Адия; Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Б. Момышұлы ат. мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Тоқтасын Мөлдір; Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Ж. Қаппаров ат. №5 мамандандандырылған физика-математикалық интернатының 10 сынып оқушысы Ізбасхан Жансая; Абай ат. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Елемес Ақерке.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің Алғыс хаттары Бас жүлде иегерлерін дайындаған келесі ұстаздарға табысталды: Алматы қ. №108 ЖОББМ мұғалімі Жәмәли Айбын Әбдімұхаметұлы; Маңғыстау облысы Мұңайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының мұғалімі Турманова Гулайым Тәжбенқызы; Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жанұзақова Торғын Зағитқызы; Атырау қ. Х. Ергалиев ат. №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Кубиева Нургуль Пангереевна.

Байқау қатысушылары мен жетекшілерге Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының кесенесіне бару ұйымдастырылды.

Республикалық шара аясында қатысушыларды дайындаған мұғалімдерге «Мәшһүртану» мәселелері және оқушыларды әдеби оқуға дайындау әдістемесі» тақырыбында өткізілген семинарда Л. Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы, Торайғыров Университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі Қожахметова Баянгуль Рамазановна әдістемелік дәріс оқыды. Шара қатысушыларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО-ның сертификаттары берілді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts