«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қ. Назарбаев зияткерлік мектебінде 2022 жылғы 6-10 маусым аралығында өткізілген 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XV республикалық математикалық турнирге 39 қоманда қатысты.

Павлодар өңірінен облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздарынан құрылған екі команда қатысты: қазақ тілінде оқытылатын сыныптар арасында – дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназия мен дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушылары (жетекшісі – Шабажанова Д.К.) және орыс тілінде оқытылатын сыныптар арасында – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, Павлодар қ. №39 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары (жетекшісі – Ланг Т.Ф.).

Турнирдің жеке біріншілігінде І дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Ведерникова Алиса ие болды; ІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 2 сынып оқушысы Мерзявко Андрей және Павлодар қ. №39 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Власов Роман; ІІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 4 сынып оқушысы Сайлаубеков Ерасыл.

Командалық кезеңде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 2, 3 сынып оқушылары Мерзявко Андрей, Ведерникова Алиса және Павлодар қ. №39 ЖОББМ 4 сынып оқушысы Власов Роман І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Similar Posts