«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен  «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауын (ары қарай – Байқау) өтетінін хабарлайды.

Республикалық байқау Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әрбір аудан/қала бойынша кемінде 50%-дан астам орта білім беретін мектептері қамтылуы керек.

Байқаудың аудандық/қалалық кезеңі 2022 жылғы 23 қыркүйек күні өңірдегі аудан және қалаларда ұйымдастырылады. Облыстық кезеңі 14 қазанда, республикалық кезеңі 2 қараша күні өткізіледі.

Республикалық кезең нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, 1 орынға ноутбуктер, 2 және 3 орынға смартфондар табысталады.

Байқау ережесі

Кітаптар тізімі

Similar Posts