«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысы ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізіледі.

Шараның негізгі пәндері: Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті.

ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы ретінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Ғабит Мүсіреповтің 120-жылдығы аясында «Ұлпан» романы мен онда бейнеленген тарих кезеңі таңдалды.

Олимпиадаға мемлекеттік және орыс тілде оқытылатын 9, 10, 11 сыныптардан 3 оқушыдан, жалпы 6 оқушы қатыса алады.

Олимпиада екі тур бойынша өткізіледі.

І тур – оқушылар Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінен тест түрінде 25 тапсырма орындайды (орындау уақыты – 30 мин).

ІІ тур – оқушылар ұсынылған үш тақырып бойынша эссе жазады (орындау уақыты – 90 мин).

Олимпиада Ережесі «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның www://ertisdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Similar Posts