«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 қыркүйекте дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия базасында ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту;  оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.

Шараға 50 оқушы қатысты, оның ішінде 31 – мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерден, 19 – орыс тілінде оқытылатын мектептерден.

Олимпиада екі кезеңде өтті: І – тест тапсырмаларын орындау; ІІ – эссе жазу.

Сайыс қорытындысында 33 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 4, ІІ дәрежелі дипломмен – 11, ІІІ дәрежелі дипломмен – 18.

І дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №40 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір; Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 9 сынып оқушысы Хуспан Назерке; Аққулы ауданы Қазы ЖОББМ 10 сынып оқушысы Еркінбек Марина; Ертіс ауданы №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жамбылова Мергуль ие болды.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ 10 сынып оқушысы Зейнулла Нұргүл; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жұмажан Назерке; Железин ауданы №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ашимжанова Дария; Успен ауданы №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Хайролла Фатима; Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 11 сынып оқушысы Штелерман Эвелина; Ертіс ауданы №4 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нурлибекова Қарлығаш; Ертіс ауданы №1 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Иманберлинова Айдана; Успен ауданы №3 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Әсетқали Құралай; Шарбақты ауданы гимназия сыныптары бар ЖОББМ 11 сынып оқушысы Пицына Регина; Ақтоғай ауданы Қ. Ыдырысов ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Файзулла Ақбота.

ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. №40 ЖОББМ 10 сынып оқушысы Тулеу Мәдина; Тереңкөл ауданы Зеленая Роща ЖНББМ 9 сынып оқушысы Балтаева Ильнара; Екібастұз қ. Комсомол ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кукишева Ақбота; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Басқара Ақерке; Аққулы ауданы Жамбыл ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұрболат Гүлнұр; Екібастұз қ. Шідерті ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бережникова Анна; Павлодар ауданы Луганск ЖОББМ 9 сынып оқушысы Тузелева Ханшайым; Шарбақты ауданы Есілбай ЖОББМ 11 сынып оқушысы Каримулла Құттыбай; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мухтарова Нурия; Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ 10 сынып оқушысы Төлеутай Ділдә; Железин ауданы М. Дулатұлы ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Умирбек Сымбат; Успен ауданы №3 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Рысдәулет Сымбат; Ақсу қ. Достық ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бешеля Елизавета; Ақсу қ. Қызылжар ЖОББМ 10 сынып оқушысы Серик Дильназ; Ақтоғай ауданы С. Мүткенов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Қаирбай Айсана; Баянауыл ауданы Майқайың №2 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жусупова Айгерим; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 11 сынып оқушысы Байдаулетқызы Ақбота, Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 10 сынып оқушысы Мерболатова Зарема иеленді.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

шығармашылық даму бөлімінің

меңгерушісі Д.К. Саламбекова

Similar Posts