Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебінде 2022 жылғы 2 қараша күні 2-7 сынып оқушылары  арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге зерттеу жұмыстарымен айналысатын 318 жоба (378 қатысушы) авторлары өз жұмыстарын ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 157 жобаның авторы (190 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде І-ші орында – 21 жобаның авторы (24 қатысушы), ІІ-ші орында – 42 жобаның авторы (55 қатысушы), ІІІ-ші орында – 94 жобаның авторы (111 қатысушы), Құрмет грамотасымен  51 жоба авторы (60 қатысушы) марапатталды.

Облыстық кезең жеңімпаздары «Зерде» республикалық конкурсқа жолдама алды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts