Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың арасында жас ұрпақты техникалық мамандықтарға белсенді тартатын жаңа сала. Оқушылар арасында робототехниканы дамыту және танымал ету үшін министрліктің қолдауымен алғаш рет «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп Республикалық роботтар фестивалі өткізілді.

Қаскелең қаласында Сүлейман Демирель университетінің  базасында 2023 жылғы 10-11 қаңтар аралығында өткізілген фестивалге еліміздің әр өңірінен келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 159 оқушысы қатысты.

Павлодар облысынан шараға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің екі командасы қатысты: «Altynsarin» – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының командасы және «Самғау» – Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия командасы.

Роботтар фестивалінің қорытындысы бойынша Тeam Work Award номинациясында І орынға Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының «Altynsarin» командасы ие болды. Команда құрамында болған Пішенбай Әбілмансұр, Әлкенев Әмірәлі, Ділмағанбетов Нұрсұлтан, Балтабай Жаухангір, Марден Адинур және жаттықтырушы, информатика пәнінің мұғалімі Ералин А. М.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша

 білім беру өқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts