«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Robotics»  қоғамдық қоры, сондай-ақ «Caravan of Knowledge» коммерциялық қоры  2023 жылғы 20-21 қаңтар аралығында Астана қаласында «NURORDA» мектебінің базасында  «First Kazakhstan-2023″» робототехника бойынша өңірлік чемпионатын өткізді. Чемпионатқа республиканың әртүрлі аймақтарынан 350 оқушы қатысты.

Павлодар облысын 3 команда таныстырды. Чемпионаттың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушылар командасы «Teen titans»  «Teamwork» номинациясымен марапатталды, Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының «Самғау» командасы «Against all odds award» номинациясына ие болды

Similar Posts