«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 2-4 мамыр күндері Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасын Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткізді.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 169 оқушы қатысты. Павлодар облысынан 12 оқушы бақ сынасты.

Сайыс екі кезеңнен тұрды: эссе жазу және ауызша тапсырма. Қатысушылар Қанипа Бітібаеваның өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуде өзара жарысты.

            Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Облысымыздың оқушылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдарына ие болды.

І дәрежелі дипломға «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Қабылбек Арай иеленді.

ІІ дәрежелі дипломымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының   9-сынып оқушысы Хабидуллаева Аружан; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сагинтаева Нурай; Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Сайыпова Асем марапатталды.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып және 10-сынып оқушылары Берекелі Айша, Абигерова Дамиля, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Кунязова Дана.

Ерекше жетістіктері үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен және Қ. Бітібаеваның туыстары тағайындаған ақшалай сыйақымен Екібастұз  қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Маратова Сана иеленді, сонымен қатар «Дарын» РҒПО грамотасымен «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Оразбекова Алина марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts