«Ел үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы  бойынша төртінші жыл қатарынан «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілуде. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатысты.

«Мың бала» олимпиадасының мақсаты – ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру. Олимпиаданың бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. Яғни, елдегі оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.

Олимпиадаға қатысу үшін оқушыларға 2023 жылдың 1-30 наурыз аралығында онлайн-платформада тіркелу қажет болды.
Облыс бойынша барлығы 1774 өтінім тіркелген.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші кезеңі 10 сәуірде онлайн форматта арнайы әзірленген  платформада өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн режимінде логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне 107 қатысушы өтті.

Павлодар облысында 2023 жылғы 27 сәірде Павлодар, Екібастұз қалаларының Ustudy базасында өткізілген «Мың бала» Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 136 оқушы қатысты, оның 34 қатысушысы 2022 жылдың жүлдегерлері.

Екінші кезеңде балалар компьютерлік тестілеуден өтті, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін  бағалау кірді: «Математикалық сауаттылық»; «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану».

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 24 қатысушы жеңімпаз атанды.

Олимпиада қатысушыларға сертификат беріледі, жеңімпаздар квота бойынша еліміздің жетекші дарынды балаларға арналған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Жеңімпаздар тізімі

Павлодар облысы тізімі

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Similar Posts