Философ-ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2023 жылғы 12 мамырда Павлодар қаласының дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында ІІІ республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашыл жас өрендер додасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен үшінші рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.

Сайысқа 12 облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 1 республикалық білім беру ұйымынан 63 үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 33 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 16. Арнайы номинацияларға 11 оқушы ие болды.

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені – Ақтөбе облысы М.Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Кометия Ерсұлтан; І орынды – Абай ат. республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Әділбекұлы Досжан; ІІ орынды – Павлодар облысы Қ.Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат; Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Полатов Наурызбек; ІІІ орынды – Шымкент қ. №16 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Қиясов Ерсін;  Қарағанды облысы «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 11-сынып оқушысы Таңат Нұрсұлтан; Түркістан облысы Ордабасы ауданы  Ө. Тұрманжанов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат иеленді.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғауда Бас жүлдеге – Ақмола облысы Көкшетау қ. №19 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Әскер Аяулым; І орынға – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Асан Береке; ІІ  орынға – Павлодар облысы Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернатының 11-сынып оқушысы Қабдолла Риза; Атырау қ. ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Бақтығали Ақниет; ІІІ орынға – Астана қ. №57 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Доскен Ділдә; Алматы қ. Ш. Уәлиханов ат. №12 мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Қырғызбай Ерасыл; Жамбыл облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы Биболқызы Даяна; Қарағанды  облысы Үштөбе тірек мектебінің 8-сынып оқушысы Серғазықызы Дилнара ие болды.

«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағытында Бас жүлдені – Атырау қ. Х. Досмұхамедов ат. университеті дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Исаш Бексұлтан; І орынды – Абай облысы Шәкәрім ат. көпбейінді №5 гимназиясының 11-сынып оқушысы Фархатқызы Анель; ІІ орынды – Абай  ат. республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қайып Айдана; Алматы қ. С. Байжанов ат. №162 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ермек Нұрбақыт; ІІІ орынды –

Шымкент қ. А. Макаренко ат. №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жұманазар Бағжан; Павлодар облысы Екібастұз қ. №21 жалпы орта білім беру  мектебінің 10-сынып оқушысы Жакиянова Адель; Қарағанды облысы «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Тулешов Нұржігіт; Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. «Білім-Инновация» лицей интернатының 9-сынып оқушысы Аймухан Ерасыл жеңіп алды.

«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  бағытында Бас жүлде иегері – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жалғасбай Дастан; І орын – Абай ат. республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Жапас Аяулым; ІІ орынды – Жамбыл облысы Д. Қонаев ат. №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Меделхан Айару; Ақтөбе облысы Хромтау ауданы №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Нағашыбай Алина; Атырау қ. ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы  Мұхамбетжан Диана; ІІІ орынды – Астана қ. №58 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Төрехан Еркеш; Алматы қ. №206 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қоқымбек Расул; Павлодар облысы Ертіс  ауданы Қарақұдық  жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Оспанова Арайлым; Абай  облысы Қ. Аухадиев ат. жалпы орта білім беру мектебінің 10- сынып оқушысы Бахытжанов Азамат; Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Б. Момышұлы ат. жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Сатыбалды Арапкүл ие болды.

Бас жүлде иегерлерін дайындаған келесі ұстаздарға «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаттары табысталды:  Ақтөбе облысы М. Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының мұғалімі Нұрғали Ақнұр Төлепбергенқызы; Ақмола облысы Көкшетау қ. №19 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Тогубаева Алтынай Каиржановна; Атырау қ. Х. Досмұхамедов ат. университеті дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының мұғалімі Якупова Маншук Сагидоллиевна; Маңғыстау облысы  Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі Бекхожина Назгуль Абдраситовна.

Байқау қатысушыларына Павлодар қаласының келесі көрнекті орындарына саяхат ұйымдастырылды: Мәшһүр Жүсіп мешіті, Г. Потанин ат. тарихи-өлкетану мұражайына, «Ертіс» интерактивтік мұражайына, Ертіс өзенінің жағалауына.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts