«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 19 мамырда математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытылатын сыныптағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытылатын сыныптағы орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңін өткізді.

Іс-шараға Павлодар өңірінен облыстық кезеңнің 16 жүлдегері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға 14 оқушы ие болды: І орын – 3; ІІ орын – 5, ІІІ орын – 6.

Олимпиада Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жүлделі орындар келесідей бөлінді:

математика пәнінен: І орын – «Жас дарын» мамандандырылған мекте-лицейінің 6-сынып оқушысы Смаилов Алижан; ІІІ орын – Павлодар қаласы № 39 ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы Власов Роман;

Қазақстан тарихы пәнінен: ІІІ орын – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 6-сынып оқушысы Мұқан Жазира және  «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Исабаева Ильназ;

жаратылыстану пәнінен: ІІ орын – Екібастұз қ. №6 мектеп-лицейінің 5- сынып оқушысы Дулатов Ибрагим; ІІІ орын – Павлодар қ. №29 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Бекшенов Рафаэль;

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: ІІ орынҚ.Сәтбаев ат.дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 6-сынып оқушысы Алпысбай Айару; ІІІ орын – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 5-сынып оқушысы Имашхан Айгерім;

орыс тілінде оқытылатын сыныптағы қазақ тілі пәнінен: І орын –дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Перепелица Данил;

орыс тілі мен әдебиеті пәнінен: ІІ орын – Павлодар қ. №11 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Рунова Анастасия; ІІІ орын – Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 5-сынып оқушысы Фрезе Николай;

қазақ тілінде оқытылатын сыныптағы орыс тілі пәнінен: І орын –

Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 5- сынып оқушысы Аманбай Азиза; ІІІ орын – Екібастұз қ. №28 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Әшімхан Сымбат;

 

ағылшын тілі пәнінен: ІІ орын – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 5-сынып оқушысы Назым Ескендір және  Құрмет грамота –  дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 6-сынып оқушысы Уахит Айзере.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts