Өңірлердегі «Дарын» орталықтарымен меморандум аясында және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің 2022-2023 оқу жылғы жылдық жоспарына сәйкес математика пәніне қызығушылықты арттыру мақсатында 2023 жылғы 17 мамырда 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Шараға Павлодар облысының 214 оқушысы – қалалық, аудандық кезең жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада қорытындысында жүлделі орынға 72 оқушы ие болды: І орын – 12; ІІ орын – 24, ІІІ орын – 36.

Барлық жеңімпаз бен жүлдегерлер «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің дипломдарымен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts