Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ІV Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

 «Ел үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы  бойынша төртінші жыл қатарынан «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілуде. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатысты.

«Мың бала» олимпиадасының мақсаты – ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру. Олимпиаданың бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. Яғни, елдегі оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.

Олимпиадаға қатысу үшін оқушыларға 2023 жылдың 1-30 наурыз аралығында онлайн-платформада тіркелу қажет болды.
Облыс бойынша барлығы 1774 өтінім тіркелген.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші кезеңі 10 сәуірде онлайн форматта арнайы әзірленген  платформада өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн режимінде логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне 107 қатысушы өтті.

Павлодар облысында 2023 жылғы 27 сәірде Павлодар, Екібастұз қалаларының Ustudy базасында өткізілген «Мың бала» Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 136 оқушы қатысты, оның 34 қатысушысы 2022 жылдың жүлдегерлері.

Екінші кезеңде балалар компьютерлік тестілеуден өтті, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін  бағалау кірді: «Математикалық сауаттылық»; «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану».

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 24 қатысушы жеңімпаз атанды.

Олимпиада қатысушыларға сертификат беріледі, жеңімпаздар квота бойынша еліміздің жетекші дарынды балаларға арналған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Павлодар облысы тізімі

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

 

Әдістемелік нұсқаулық

2022 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары 23-30 мамыр аралығында мектептерге тіркелу үшін өтінім жібере алады

Ауыл мектебінде кемінде соңғы екі жыл оқыған оқушылар арасында тартысты дода болып, I-II кезеңнен сүрінбей өткен мың жеңімпаз анықталды. Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы осымен үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап жатыр.

Бұл туралы толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Еліміздегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге тіркелу үшін қай мектепке түсетініңізге шешім қабылдап, өтінімді 23 мамыр мен 30 мамыр аралығында ертерек өтінім беріп үлгеру керек.

Мектептерге ең жоғары балл жинағандар тіркеле алады. Жеңімпаздар:

  • 1000-504 балл жинағандар 23 мамырдан бастап;
  • 503-470 балл алғандар 25 мамырдан бастап;
  • 469 баллдан төмен жинағандар 27 мамырдан бастап өтінімді олимпиаданың сайтында немесе жеке кабинетте бере алады.

Мектепке өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық:

  1. Төменде көрсетілген сілтемеде өтінім беру нұсқаулығымен таныса аласыз немесе жеке кабинетте «Мектептер тізімі» қосымша бетінен көре аласыз;
  2. Ашылған тізімнен мектепті таңдап, өтінім толтыру қажет;
  3. Назар аударыңыз, сіз тек бір мектепті таңдай аласыз. Егер сіз таңдалған мектепті ауыстырғыңыз келсе, берген өтінішіңізді кері қайтарып, жаңа өтінім толтыру керек;
  4. Өтінім өңделгеннен кейін мектеп әкімшілігі сізге хабарласады.

Мамандандырылған мектепке қабылдауға өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы

«Ел үміті» бастамасы аясында Қазақстан Республикасы  бойынша үшінші жыл қатарынан «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілуде.

«Мың бала» – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы баспалдаққа айналды.

Олимпиадаға қатысу шарттарының бірі қатысушылар соңғы екі оқу жылында Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алуы тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін оқушыларға 2022 жылдың 19 ақпаны мен 20 наурыз аралығында онлайн-платформада тіркелу қажет болды.
Облыс бойынша барлығы 3119 өтінім тіркелген, оның ішінде 1598 – 5 сынып оқушылары, 1521 – 6 сынып оқушылары.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші кезеңі 5 сәуірде онлайн форматта арнайы әзірленген  платформада өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн режимінде логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне 183 қатысушы өтті.

Павлодар облысында 2022 жылғы 29 сәірде Павлодар, Екібастұз қалаларының Ustudy базасында өткізілген «Мың бала» Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 171 оқушы қатысты, оның ішінде бесінші сынып оқушысы – 99, алтыншы сынып оқушысы – 72.

Екінші кезеңде балалар компьютерлік тестілеуден өтті, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін  бағалау кірді: «Математикалық сауаттылық»; «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану».

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы бойынша Павлодар облысының 57 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 34 – бесінші сыныптан, 23 – алтыншы сыныптан.

Олимпиада жеңімпаздары квота бойынша дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне: Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейіне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Жеңімпаздар тізімі

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

Фотогалерея-2022 жыл

Павлодар облысында ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасы өткізілді

2022 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі басталады. 27-29 сәуір аралығында (үш күнде) I кезеңнің бес мың финалисті тестілеуден өтті.

«Мың бала» олимпиадасы үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. «Мың бала» – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы баспалдаққа айналды.

Олимпиадаға қатысу шарттарының бірі қатысушылар соңғы екі оқу жылында Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алуы тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін оқушыларға 2022 жылдың 19 ақпаны мен 20 наурыз аралығында онлайн-платформада тіркелу қажет болды.
Облыс бойынша барлығы 3119 өтінім тіркелген, оның ішінде 1598 – 5 сынып оқушылары, 1521 – 6 сынып оқушылары.

Олимпиада 2 кезеңде өтті. Олимпиаданың бірінші кезеңі 5 сәуірде онлайн форматта арнайы әзірленген платформада өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар онлайн режимінде логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне 183 қатысушы өтті.

Павлодар облысында 2022 жылғы 29 сәірде Павлодар, Екібастұз қалаларының Ustudy базасында өткізілген «Мың бала» Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 172 оқушы қатысты, оның ішінде бесінші сынып оқушысы – 100, алтыншы сынып оқушысы – 72.

Екінші кезеңде балалар компьютерлік тестілеуден өтті, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кірді: «Математикалық сауаттылық»; «Қазақ тілі», қазақ тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Орыс тілі», орыс тілінде білім алатын оқушылар үшін; «Ағылшын тілі»; «Жаратылыстану».

Қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификат табысталды.

Олимпиаданың жеңімпазы атанған республика бойынша 1000 оқушының тізімі екінші кезең өткен мерзімнен бастап 14 күннен кейін жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары квота бойынша дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне: Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейіне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Абаильдинова

 

«Myn baIa» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өткізу туралы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Myn baIa» Ұлттық зияткерлік олимпиаданың ІІ кезеңі (тестілеу) 2022 жылғы 29 сәуірде өтетінін хабарлайды.

Олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу екі жерде Ustudy негізінде ұйымдастырылған:

  1. Павлодар қаласы (М. Горький к., 120/2). Қатысушылар саны – 124 (1 қосымша);
  2. Екібастұз қаласы (Энергетиков к., 54 А). Қатысушылар саны – 59 (2 қосымша).

Қатысушыларды тіркеу сағат 09.00-ден 09.45-ге дейін өтеді. Олимпиаданы өткізу уақыты 10.00-ден 13.00-ға дейін. Олимпиада қатысушыларында қалам, қарандаш болу қажет.

Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы 87074982294 білуге болады.

2022 жылғы “Мың бала” Ұлттық зияткерлік олимпиадасын 2 кезең (тестілеу) қатысушыларының тізімі (5-6 сынып) Екібастұз қаласы

2022 жылғы “Мың бала” Ұлттық зияткерлік олимпиадасын 2 кезең (тестілеу) қатысушыларының тізімі (5-6 сынып) Павлодар қ.

Мәтіндік тапсырмалардың үлгілері

«Мың бала» 1 кезеңін онлайн тестілеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті «Мың бала» олимпиадасының I кезеңі кестеге сәйкес 2022 жылдың 5 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін өткізілетінін хабарлайды.

І-кезең екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау – 20 сұрақ және кеңістіктік ойлау  – 20 сұрақ. Тестті орындауға жалпы 90 минут қарастырылған.

Оқушылар мектептің компьютерлік сыныптарында немесе Интернет желісіне қосылған үй жағдайында (ноутбук, планшет, смартфон) тест тапсыруға мүмкіндігі бар.

2022 жылы «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында тестілеудің 1-кезеңін ұйымдастыру бойынша жадынама

Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасын» өткізу туралы

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы  «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада» республикалық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуге байланысты келесіні хабарлайды. Олимпиада 2022 жылы «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада»  республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік басшылықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 85 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін сайтта жүргізіледі https://1000bala.elbasyacademy.kz/. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады. Ағымдағы олимпиаданы өткізу кезінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары болып табылатын 2021 жылғы олимпиаданың ІІ кезеңінің жеңімпаздары олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркеусіз жіберіледі. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сайтта on-line режимінде 2022 жылдың 4-8 сәуір аралығында жоспарланған https://1000bala.elbasyacademy.kz/. 1-кезеңнің нәтижелері бойынша 5000 жеңімпаз екінші кезеңге жіберіледі, ол 2022 жылғы 27-29 сәуір аралығында «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының аумағында күндізгі форматта өткізілетін болады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 88000804848 (қоңырау шалу тегін) телефоны бойынша Колл-орталыққа, сондай-ақ «Ертіс дарыны» орталығына хабарласуыңызды сұраймыз +7 7182-65-65-12.

Тіркелу бойынша нұсқаулық

Құрметті оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер!

Ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларын «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға шақырамыз.Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Ең басты шарт: оқушылар соңғы екі оқу жылында Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алуы тиіс.  Тіркеуден 19 ақпаннан 20 наурызға дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында өте аласыз. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.

«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық