8 (7182) 618129 8 (7182) 321038

Кабылова Кулбагила Казезовна

Кабылова Кулбагила Казезовна

Жоғары білімді,шәкірттеріне білім мен тәрбие берудің негізгі көзі сабақ деп қарайтын ізденімпаз ұстаз үнемі алдыңғы қатарлы озық ойлы ұстаздардың іс - тәжірибелерін оқып, зерттеп, оны өз сабақтарында қолданады. Ұстаз балалардың дарындылығын дамыту мақсатында жеке тұлғаға бағытталған білімді толық игеру технологиясын негізге ала отырып, іс-әрекеттің мазмұнын таңдай біледі, сабақ барысында оқытудың түрлерін үйлесімді қолданып, оқушыларды белсене ойлануға ынталандырады.

Ол дайындаған оқушылары 2010 жылы Хабибуллин Қуаныш және Жүнісов Әнуар Президенттік және халықаралық Жаутықов  олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болды. 2011 жылы халықаралық Туймаада олимпиада Хасанова Ә жеңімпаз атанды. 2011, 2012 жылдары жас өспірімдер олимпиадасында Меңдібаев Т, Қадыр Ә, Мұхтарханов Д ІІ,ІІІ орындарға ие болды. І кешенді облыстық олимпиадада оқушылары Мохаммед- Али Амир ІІ орын, Қуанқаш Тамерлан ІІІ орын иеленді. 2014 жылы халықаралық Кукин олимпиадасында жүлделі І орынды иеленді.  2015 жылы ІІ аймақтық жас математиктер турнирінде оқушылары Мохаммед- Али Амир, Токкожин Аспандияр ІІ жүлделі орынға ие болды.  2015 жылы пән олимпиадасында Мохаммед-Али Амир облыста жүлделі І орынды иеленді, республикада алтын медаль иегері атанды. Оқушыларды республикалық олимпиаданың жеңімпазын дайындағаны үшін «Олимпиада шыңына жетелеуші – 2015» дипломымен марапатталды. 

Дата: 26-03-2015 16:21 Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"