8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«І Республикалық жыршылар байқауының және ХVІ республикалық Абай оқуларының қорытындысы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
14-09-2015 18:04
І  Республикалық жыршылар байқауының және ХVІ республикалық Абай оқуларының қорытындысы

 

   Қазақстан Республикасы   білім және ғылым министрлігі    мектеп оқушыларының арасында ағымдағы жылғы 9-11 қыркүйегінде  Семей қаласы Абай-Шәкәрім кесенесінде Қазақ хандығының 550  жылдығына арналған  «Туады ерлер Ел үшін...» атты І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауын және 10-11 қыркүйегінде ұлы ойшылдың 170 жылдығына орай ХVІ Республикалық Абай оқуларын   өткізді.

Павлодар облысынан Жыршылар байқауына облыстық кезеңінің жеңімпаздары -  Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 7 сынып оқушысы Елжан Еркебұлан және Ақсу қаласы №2  жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тілеуберді Әсемгүл  қатысып,   «Белсенділік» номинациясын иеленді. Абай оқуларына  Екібастұз қаласы Қарасу жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Молдагалиева Эльмира,  Ақсу қаласы Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Сейілхан Аманбол, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Жанбау Маргулан қатысты.

ХVІ Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша барлық оқушылар "Ынталандыру" номинациясымен марапатталды.