8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Құрметті, ұстаздар қауымы!»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
30-09-2016 10:41
Құрметті, ұстаздар қауымы!

Сіздерді  шын жүректен төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтаулар мен даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.

       Сiздер, аймағымыздың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына ат салысып келесiздер. Соңғы жылдары Павлодар өңірінің бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды. Мұның барлығы, сiздердiң  арқаларыңыз.
 

   Ұстаз деген  - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қиғандар.