8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Менің ұстазым»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
28-09-2016 09:47
Менің ұстазым

Менің ұстазымСұлушаш Ауғанқызы!

     Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған ұстазымныңбейнесі көңіл төрінен орын алады.Сонымен қатар мәдениеттілікті, достықты бағалауды үйретті. Мұғалімнің әр сабағы әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай қызықты өтеді.

     Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

   Сіз менің ең сүйікті Ұстазымсыз. "Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”  демекші мен Сізді келе жатқан «Ұстаздар күнімен» құтықтаймын. Әрдайым жетістіктерге жете беріңіз!

                                Ізгі тілекпен шәкіртіңіз:  Ахметсапар Нұрасыл                      Павлодар облысы,Май ауданы, Малайсары ауылы