8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«ХІ облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
11-10-2016 10:33
ХІ облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Өтетін орны: Павлодар қаласының «Жас дарын»  мамандандырылған мектебі (Ленин көшесі, 125 үй).
Өткізілетін күні, уақыты: 2016 жылдың 12 қазаны, басталуы сағат 14.00-де., салтанатты жабылуы сағат 16.30-да.

    М. Мақатаев оқуларына жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, өлеңді тақырыбына сай талдай білетін,  өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық қабілеті бар оқушылар қатысады.

    Облыстық жалпы білім беру оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М. Мақатаев оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретіне баулу, өз ой-пікірлерін жеткізе білуін дамыту;

-  жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

    М. Мақатаев оқулары облыстық жалпы білім беру оқу орындарының 7-11 сынып оқушылары арасында өтеді.  Облыстық конкурсқа аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша  жеңімпаздар Бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Бас жүлде иегері М. Мақатаев оқуларының республикалық кезеңіне жолдама алады.

Қосымша мәлімет: Павлодар қ., Ленин көш., 127-үй, тел. 32-10-38, 65-01-22.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.