8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Республикалық ғылыми жобалар конкурсы үшінші кезеңінің екінші турын (тестілеу) өткізу туралы »
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
09-12-2016 15:36
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы үшінші кезеңінің екінші турын (тестілеу) өткізу туралы

«2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы» 2016 жылғы 20 қазандағы № 617бұйрығына сәйкес, «Дарын» РҒПО республикалық ғылыми жобалар конкурсының үшінші кезеңінің екінші туры (тестілеу) өткізілетінін хабарлайды.

Республикамыздың барлық аймақтарында а.ж. 14-ші желтоқсан күні жүргізілетін республикалық ғылыми жобалар конкурсы үшінші кезеңінің екінші туры (тестілеу)  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде (Торайғыров көш., 58) өткізіледі.

Сағат 09.00-ден – 11.00-ге дейін келесі бағыттар бойынша:

1.Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны. Секциялар: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар.

2.Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу.

Секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика.

Тіркелу – 8.00-8.30.

Сағат 12.00-ден – 14.00-ге дейін келесі бағыттар бойынша:

3.Таза табиғи орта– «Казахстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі.

Секциялар: биология, химия,қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.

4.Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Секциялар: тарих,өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, адам және қоғам.

Тіркелу – 11.00-11.30.

            А.ж. 13 желтоқсан күні сағат 16.00-де тестілеуге дайындық  http://www.daryn.kz сайтында «Пробное тестирование отборочного этапа республиканского конкурса научных проектов школьников» сілтемесінде жүргізіледі. Тестілеуге дайындық тек қана аймақтардың техникалық дайындығын тексеру болып табылады, сондықтан пәндер бойынша тест тапсырмалары желтоқсанның 14-де ғана болады.

            Он-лайн тестілеуіне республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ орын алған 9, 10, 11 сынып оқушылары шақырылады. 8 сынып оқушылары тестілеуге қатыспайды.

Тестілеуге қатысушылар міндетті түрде жеке төлқұжатын және көшірмесін, қалам, қарындаш, А4 парақтарын, Менделеев кестесін  (химиктер), калькулятор (математиктерден басқа) ала келулері қажет.

          

Шифр

Секция

Пәндер бойынша сұрақтар

1

Физика

Техника

Жер және ғарыш туралы ғылымдар

физика

2

Математика

Қолданбалы математика

математика

3

Информатика

информатика және математика

4

Экономика

Математика, география

5

Биология

Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

биология

6

Химия

химия

7

Тарих

Қазақстан тарихы және дүниежүзілік тарихы

8

Адам және қоғам

Дүниежүзілік тарихы, Адам.Қоғам.

Заң.

9

Өлкетану

Қазақстан тарихы және география

10

Әдебиет

Қазақ және орыс әдебиеті

11

Этномәдениеттану

Қазақстан тарихы және  дүниежүзілік тарихы, қазақ және орыс әдебиеті

12

Тіл білімі

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері

           

Тестілеу басталар алдында қатысушыға логин және пароль беріледі. Тестілеудің өткізілу уақыты – 120 минут, әр секцияға үш деңгейлі тапсырмалар саны – 60 (І деңгей – 20 тапсырма (1 ұпай), ІІ деңгей - 20 тапсырма (2 ұпай), ІІІ деңгей - 20 тапсырма (3 ұпай).

            Тест нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін «Тестті аяқтау» дегенді басқанда белгілі болады.

РҒЖК Ережесіне сәйкес апелляция болмайды.

Тестілеуге қатысу үшін http://daryn.kz титул парағының «Тестирование в режиме он-лайн отборочного этапа республиканского конкурса научных проектов школьников» кіру керек.

Тестілеуді бастау үшін берілген логин және парольды енгізу, аты-жөніңіз шыққаннан кейін сыныпты, оқыту тілін, секция атауын және секцияның рет санын белгілеу қажет, осыдан кейін «Принять участие» басу.   

            І, ІІ және ІІІ бағыттар бойынша (жаратылыстану-математикалық) тестілеуге қатысушылар міндетті түрде ғылыми жобаларын алып келу керек (эл.нұсқасы дискте, зерттеу күнделігі). Қажетті ұпай жинаған оқушылардың жұмыстарын «Дарын» РҒПО-ң өкілі алып кетеді.