8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«АҚПАРАТТЫҚ ХАТ»
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
12-12-2016 10:56
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты «Дүниетану мен биология пәндері бойынша олимпиада, конкурстар және викториналарды өткізу үшін интерактивті білім беру порталын әзірлеу» атты жооішілік жобасы шеңберінде, 2016-2017 жыдарына арналған Павлодар облысында жаратылыстану-математикалық білімді нығайту жалпы жооішілік бағдарламаны орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай  2016 жылғы 14 желтоқсан «Дүниетану», «Жаратылыстану» және «Биология» пәндері бойынша 3-8 сынып оқушыларына арналған алғашқы онлайн-олимпиаданы өткізеді. 

ӨТКІЗУ ОРНЫ

Олимпиада 14 желтоқсан күні сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты сайтында:  ppi.kz, математика және жаратылыстану факультеті бөлімшесінде, «Олимпиада» бөлімінде өтеді. Сайтта тіркелу: 12-14 желтоқсан аралығында сағат 17.00-де аяқталады.

ОЛИМПИАДА ШАРТТАРЫ

1. «Дүниетану», «Жаратылыстану» және «Биология» пәндері бойынша Павлодар және Павлодар облысының 3,4,5,6,7,8 сынып оқушылары қатыса алады.

2. Олимпиада тегін өтеді.

3. Олимпиаданы бағалау – компьютерлік.

4. Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздар мен қатысушыларға электронды нұсқада сертификаттар мен грамоталар жіберіледі.

5. Олимпиада екі тілде өтеді: мемлекеттік және орыс.

6. Сертификаттар мен грамоталар 22 желтоқсанның күні қатысушылардың тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштасына жіберіледі.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ

Тел./факс: 8 777 6244902

Е-mail: irina79kim@bk.ru