8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Жас өнертапқыштар»
Автор: "Ертіс дарыны" ӨҚББОӘО
12-12-2016 12:23
Жас өнертапқыштар

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күншеңберіндеПавлодар облысы білім беру басқармасы 2016 жылғы 11 желтоқсан күні М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «ЭКСПО жасыл технологиялары» күнінөткізді.       

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Жасыл экономика», «Жасыл энергетика» бағыттары бойынша макет конкурсына облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары өз жобаларымен таныстырды.

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  оқушысы Мақатова Алуа, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының окушылары Анна Макеева және Жанғазинова Жаслин, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Еренғайып Кобланды  конкурстың жеңімпазы  атанды.