8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Павлодарлық ҚТЛ-дің 11 сынып оқушылары миллион теңге жеңіп алды »
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
13-12-2016 17:39
Павлодарлық ҚТЛ-дің 11 сынып оқушылары   миллион теңге жеңіп алды

Облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары көзі нашар көретін адамдарға арналған бағасы 16000 тенге құрайтын жобаны дайындады деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Ал осы құрылғының қолда барлары екі мың долларды құрайтыны туралы агенттікке ҚТЛ-нің директоры Рамазан Баяр айтты.  

Директордың айтуынша, NURINTECH инновация жобалар республикалық  жастар конкурсына барлығы 699   өтініш түскен. Дегенмен сараптау комиссиясы соңғы мәреге 32 жобаны іріктеп алған.

Конкурс қорытындысында Данияр Серіков, Әлішер Жанболат және Мақсат Байғазы  бірінші орын мен бір миллион теңге сыйақы жеңіп алды.  Облыс намысын қорғаған шәкірттер көзі нашар көретін адамдарға арнайы веб-камера және интерактивті пернетақтамен жабдықталған Брайль дисплейімен таныстырған. Аталмыш құрылғының арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар  басқа адамдардың көмегінсіз оқу және жазу мүмкіндігіне ие болады. 

Бұл қаржы жобаға ұсталған шығындарды өтеуге және оны әрі қарай дамытып, ілгері бастыруға жұмсалады, дейді жүлдегерлер.