8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
« Қашықтық командалық олимпиада өткізу туралы»
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
14-12-2016 14:52
 Қашықтық командалық олимпиада өткізу туралы

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстандық  Интернет Олимпиадасы  зияткерлік сайыстарды әрі қарай  дамыту мақсатында білім беру ұйымдары үшін   қашықтық командалық олимпиада өткізеді.

 Қомандалық олимпиаданың өтетін күні  23 желтоқсан 2016 жыл. Сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін қатысуға болады. Олимпиаданы орындауға 3 сағат беріледі.

Командалық олимпиадаға бір оқу мекемелерінен 7-11 сынып аралығындағы 10 оқушы қатыса алады.

Командалық олимпиада тапсырмалары математика, информатика қазақ және орыс тілі пәндерінен, логика, қазақ халық этнографиясы саласынан  тұрады.

Олимпиадаға қатысу  және тіркелу www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиадаға қатысу үшін командаға бір логин/пороль мен есеп шот номірі қажет.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.darуn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8(7182) 20-87-85(көпканалды), 8(777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайттарында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.

Олимпиадалар қорытындысы бойынша облыстың  мектептері арасында рейтинг шығарылады.