8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«ІV ОБЛЫСТЫҚ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
20-12-2016 12:17
ІV ОБЛЫСТЫҚ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫНЫҢ  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ұйымдастырушылар: облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығы.

Өтетін орны: «Жас дарын» мамандандырылған мектебі (Ленин көш., 125).

Өткізілетін уақыты: 2016 ж. 22 желтоқсан, сағат 14.00-де, тіркеу: 13.30-де.

«Мағжан оқулары» конкурсы Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.

Міндеттері:

- мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;

        -  жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

        -  дарынды оқушыларға қолдау жасау.

Мағжан оқуларына жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, өлеңді тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық қабілеті бар 5-10 сынып оқушылары қатысады.

Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізіледі:

1.     «Өлең– менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу;

2.     «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы;

3.     «Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу  жұмыстары.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша  жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.