8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері»
Автор: ӨҚББОӘО "Ертіс дарыны"
22-12-2016 18:44
Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде жалпы орта білім беру оқу орындарының 5-11 сынып оқушылары арасында ІV облыстық Мағжан оқулары  өткізілді.

Жыл сайын облысымызда Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын білетін оқушылар арасында осы конкурс өткізіледі.

Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары  - 49 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқуды белсенді көрсетті, жас дарындар өз туындарын оқыды, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының, Екібастұз қаласы, Лебяжі, Баянауыл, Ертіс аудандарының оқушылары  жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында оза шығып көрінді.

Конкурс қорытындысы бойынша 19 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде І орынға ие болғаны – 3, ІІ орынға – 6, ІІІ орынға – 10. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында І дәрежелі дипломға  Ақтоғай ауданы Харьков ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Серікбол Раушан; ІІ дәрежелі дипломға Лебяжі ауданы Б.Уахатов ат. ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Қаратай Айсана, Павлодар ауданы Шақат ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Тлеукина Гүлжан; ІІІ дәрежелі дипломға Ақтоғай ауданы Жалаулы ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Сабыр Райымбек, Екібастұз қаласы Атығай ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Фестивал Айбек; Ертіс ауданы Бірлік ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Батыргужинов Шамиль ие болды.

 «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар бағытында І дәрежелі дипломды Лебяжі ауданы Қазы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Тлеуберді Ақжол; ІІ дәрежелі дипломды Ы.Алтынсарин ат.гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Оразбай Марлен, Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Амангельды Раушан;  ІІІ дәрежелі дипломды Ақсу қаласы Парамоновка ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Бауыржан Нұржанат, Екібастұз қаласы №22 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Какимов Бауыржан, Железин ауданы №3 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Мұхаметқали Айдана, Ертіс ауданы №2 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Ақтас Айдана иеленді.

         «Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу  жұмыстары бағытында І дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Изюмская Жанна; ІІ дәрежелі дипломымен облыстық көп салалы лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Қизат Мадина, дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Шаймардан Дана; ІІІ дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы №37 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Бақтыбай Ілияс, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  8 сынып оқушысы Қайролла Алуа, Ертіс ауданы Қарақұдық ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Ерболатқызы Ботагөз марапатталды.

 «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен жеңімпаздарды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне марапат жасалды. Олардың қатарында: Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының мұғалімі Мұхамеджанова Райгүл Жетпісқызы, Лебяжі ауданы Қазы ЖОББМ-нің мұғалімі Жетпіс Анарбек, Ақтоғай ауданы Харьков ЖОББМ-нің мұғалімі Маней Рина