8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
« Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ»
Автор: "Ертіс дарыны" ӨҚББОӘО
26-12-2016 18:26
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың  республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні: 2017 жылы 4-7 қаңтар

Өтетін орны: Павлодар қ. №16 лицей-мектебі (Ш.Айманов көшесі, 51)

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы,«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

 

 Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • «Зияткер ұлт - 2020» ұлттық жобаны жүзеге асыру
  • ең талантты және дарынды балалар қатарынан облыстың зияткер әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету  
  • оқушыларды  республикалық жәнехалықаралық  олимпиадаларға  даярлау.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың

республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын  оқушылардың облыстық пән олимпиадасын С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Еуразия Инновациялық университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушы құрамының ғылыми  қолдауымен өткізеді.

    Олимпиада жалпы орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 15  пән бойынша өткізіледі.

Биылғы  жылы олимпиадаға Павлодар облысының 733 оқушысы қатысады.

      Барлығы олимпиадаға облысымыздың 3  қалалары мен 10 ауданынан және 13    мамандандырылған оқу орындарынан 26  команда қатысады.  Ең көп қатысушылар Павлодар қаласының құрама командасында (59 оқушы), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасында (56 оқушы),  «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасында (49 оқушы). Аудандар арасында Павлодар (26 оқушы) және Баянауыл (25 оқушы) аудандары көш бастауда. 

Пәндер тұрғысынан ең көп қатысушылар  ағылшын тілінде (86 оқушы), Қазақстан тарихында (69 оқушы) және биологияда (69 оқушы).  

 Ең үздік командалар мен қатысушыларға  «Ең үздік команда», «Ең үздік қалалық мектебі» «Ең үздік аудан командасы», «Ақыл жастан, асыл тастан», «Олимпиаданың жаңа жұлдызы» сертификаттары табысталады. 

  Олимпиада   бағдарламасы

4 қаңтарқаладан тыс қатысушылардың келіп орналасуы

5 қаңтар

09.00 - 09.45– қатысушыларды тіркеу

10.00 - 15.00– олимпиаданың І (теориялық) туры

6 қаңтар

09.30 - 14.30– олимпиаданың ІІ (практикалық) туры

18.00 – үйлестіру жұмысы

7 қаңтар

10.00-13.00– оқушылардың облыстық пән олимпиадасының салтанатты жабылуы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау. (Естай ат. қалалық мәдениет сарайы)

Қосымша ақпаратты келесі мекенжайында алуға болады:  Павлодар қ., Ленин көшесі, 127, тел. 32-10-38, 61-81-29, «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО.