8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
«Химия және биология пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы»
Автор: "Ертіс дарыны" ӨҚББОӘО
10-01-2017 09:20
Химия және биология пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық  Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыcтарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына химия және биология пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңмен өткізілетін болады:

1 кезең: 2017 жылғы 6-шы мен 26-шы қантар аралығында.

1 кезең қорытындысы: 2017 жылғы 31 қантар (екінші қезеңге өткен қатысушылар анықталады).

2 кезең: 2017 жылғы 2 ақпан (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін).

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері РҒПО «Дарын» І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиада 4 пәннен «Күз-қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктер, фотоаппараттар, флешкалар және т.б.) марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және қатысу шарттары туралы ақпарат www.darуn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8(7182) 20-87-85, 8(777) 403-93-51 телефондары арқылы және www.cdo.kz сайтында хабарлама жазу арқылы білуіңізге болады.