8 (7182) 618129 8 (7182) 321038
««Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты X облыстық форумының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ »
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
11-05-2018 17:12
«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні,  ізденістері» атты X облыстық форумының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

8-11 сынып оқушылары арасындағы «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні,  ізденістері» атты X облыстық форумы 2018 жылғы 16 мамыр күні өтеді.

Ұйымдастырушылар:  

- Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні,  ізденістері» атты форумының мақсаты: еліміздің зияткер, рухани дүниесі бай азаматтарын тәрбиелеу;  Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығына қызығушылық туғызу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, философиялық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; мектептерде ойшыл ақынның шығармашылығын зерттеушілерді, өлкетанушыларды және маңызды мәдени-тарихи жәдігерлерді кеңінен насихаттау.

«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні,  ізденістері» атты форумының бағдарламасы

13.00 - 13.50   - форум қатысушыларын тіркеу.

14.00-16.00 -  зияткерлік сайыстың өткізілуі

16.30 - 17.00 – «Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты форумының салтанатты жабылуы.

Аталмыш іс-шарада С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары қазылық етеді.

Облыстық сайыстың  қорытындысы бойынша  жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Өтетін орны: «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Астана көшесі, 125.

Ақпарат алу үшін тел.: 61-81-29, 32-10-38

Электрондық пошта: ertis­_daryn_pvl@mail.ru