8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
«Бастауыш сынып оқушылары VI облыстық математикалық турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ »
Автор: "Ертіс дарыны" ӨҚББОӘО
07-11-2018 09:10
Бастауыш сынып оқушылары  VI облыстық математикалық турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні: 2018 жылғы 8 қараша 

Өтетін жері: Павлодар қ. №37 ЖОББМ (Ворушин көш., 6/2).

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Турнир жыл сайын оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарға нәтижелі дайындау мақсатында өткізіледі.

Турнирдің негізгі міндеттері:

-математика пәнінен дарынды бастауыш сынып оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту;

- математикадан облыстың олимпиадалық құрама командасының резервін қалыптастыруға ықпал ету;

- балалардың математика ғылымына танымдық қызығушылығын дамыту.

Турнирдің әдістемелік комиссия және қазылар алқасы құрамына бастауыш мектептегі математиканы оқыту мамандары енгізілген.

Барлығы турнирге облыстық білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушыларынан құралған 42 команда  - 126 бала, соның ішінде Омбы қаласы (Ресей) №140 гимназиясының 6 оқушысы қатысады.

Турнирді өткізу тәртібі

Турнир 2 кезеңде өткізіледі: бірінші (командалық) – жазбаша түрде командаларды жоғары /бірінші/ екінші лигаларға бөлу мақсатында. Екінші кезең 2 тур бойынша өткізіледі: І –командалық ауызша; ІІ – жеке жазбаша.

Турнир қомандалық және жеке біріншілікте қорытындылады. Командалық біріншілікте көрсеткен айрықша нәтижелері үшін Бас жүлде, жеке біріншілікте - «Абсолюттік жеңімпаз» атағы табысталады.

Қазақ және орыс тілінде оқытылатын ең мықты екі команда облыс мәртебесін бастауыш сынып оқушыларының «Бастау» республикалық математикалық турнирінде қорғайды.