8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
««Мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізу туралы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
07-12-2018 11:50
«Мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізу туралы

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2018-2019 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізетінін хабарлайды.

Семинар мақсаты: мектептің дарынды балалармен жұмыс жасау бағытындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісуі; мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу,  ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдарымен таныстыру.  

Семинар қатысушылары: «Ертіс дарыны» орталығының мамандары,   мамандандырылған мектептердің директор орынбасарлары, қалалық, аудандық білім беру бөлімдеріндегі дарынды балалармен жұмысты үйлестірушілер (квота бойынша: аудандар – 1, қалалар – 1, мамандандырылған мектептер – 1 адам).

Өткізу уақыты: 2018 жылғы 12 желтоқсан.

Қатысушыларды тіркеу– 13.30 - 14.00.    

Өткізу орны:  Павлодар қ. «Жас дарын» мамандандырылған мектебі (Астана к-сі, 125).