8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
««Ақберен» облыстық байқауын өткізу туралы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
09-01-2019 15:13
«Ақберен» облыстық байқауын өткізу туралы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты (Катаев к., 63) негізінде 2019 жылғы 15 қаңтарда «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді.

Тіркеу уақыты – 9.00-9.30.

Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Команда құрамына 6 оқушы кіреді. Байқау номинациялары 6 бағытта қаралады.

1. Шешендік өнер (шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);

2. Көркем сөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);

3. Шығарма (еркін тақырыпта, 2 сағат);

4. Ұлттық аспапта ойнау (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);

5. Ақындар айтысы;

6. Ақындар мүшәйрасы.

Конкурс Ережесі www.ertisdaryn.kz сайтында орналасқан.  

Облыстық байқау қатысушыларының өтінімдері 2019 жылғы 11-ші қаңтарға дейін ertis_daryn_pvl@ mail.ru электрондық поштағакелесі формада жіберілуі тиіс.

Оқушының аты-жөні

Номинациясы

Мектеп, сынып

Жетекшінің аты-жөні