8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
«Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
01-03-2019 12:07
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №146 «Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданы жыл сайын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева ат. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) келесі кезеңдерде өтетіні туралы хабарлайды.

Ережеге сәйкес Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:  

- республикалық кезең а.ж. сәуір айының 3-ші онкүндігінде Өскемен қаласында;

- облыстық кезең а.ж. 3-4 сәуірде республикалық ғылыми-әдістемелік кеңес дайындаған тапсырмалар бойынша;

- аудандық (қалалық) а.ж. 5-6 наурызда білім беру бөлімдерінің дайындаған тапсырмалары бойынша.

Олимпиадаға қазақ тілінде оқытатын мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

Аудандық (қалалық) кезең қорытындысы бойынша, а.ж. 12 наурызда облыстық кезеңге квотаға сәйкес І орын алған 3 оқушы ұсынылады (9 сынып - 1, 10 сынып - 1, 11 сынып - 1). Өтінім төменде берілген үлгі бойынша ertis_daryn_pvl@mail.ru электрондық поштасында қабылданады:

Қала/аудан/мектеп

Қатысушының аты-жөні

Сыныбы

Мектебі

Дайындаған мұғалімнің аты-жөні