8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
« ХХ облыстық Абай оқуларын өткізу туралы»
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
05-03-2019 16:10
 ХХ облыстық Абай оқуларын өткізу туралы

Павлодар облысы білім беру басқармасының және «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес  облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының  оқушылары арасында  ұлы ойшыл Абай және Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас ақындарға әлеуметтік-рухани колдау көрсету  мақсатында 2019 жылғы 15 наурызда, сағат 10.00-де дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында (Короленко көшесі, 19) жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушылары арасында ХХ облыстық Абай оқулары  өткізіледі.

Абай оқулары төрт бағыт бойынша өткізіледі:

 «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы.

«Көңілім әнді ұғады»  - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы. 

«Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсы.                       

Тіркеу уақыты:  9.00 – 9.45.

  Сұраныстарды «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на 2019 жылдың 12 наурызына дейін ұсынуларыңызды сұраймыз.

            ХХ облыстық Абай оқуларына әр бағытқа 1 оқушыдан қабылданады.

Оқушының толық аты жөні

сынып

Мектептің атауы

(аудан, мектептің толық атауы)

Қатысатын бағыты

Оқушыны дайындаған мұғалімнің толық аты- жөні