8 (7182) 555058 8 (7182) 551038
«І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ »
Автор: РУМЦДО "Ертiс дарыны"
16-05-2019 09:43
І республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін орны:дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты (Камзин көшесі, 69)

Өткізілетін күні, уақыты: 2019 жылғы15-16 мамыр.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Конкурс мақсаты: қазақ руханиятының таным-түсініктерінен мол мағлұмат беретін ұлы тұлғаның шығармашылығы бүгінгі егемен елдің елдігін суреттеуде көркем өнердің құндылықтары ретінде ұлттың сақтаушысы да болғандығын ескере отырып, ұлы баба мұралары арқылы ел өткенін таныту, дала танымын насихаттау.  

Міндеттері:

- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың 7 қыры»  мақалаларынан туындайтын міндеттердің бірі ретінде ұлттық кодты сақтаушы ретіндегі туындыларының орнын көрсету;

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді  құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру;

 - оқу-білім, өнер үйрену, адамгершілік тақырыптарын негіз еткен туындылар арқылы отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарды тәрбиелеу;

- әдебиетті сүйетін, тіл мен өнерді ерекше құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;

Шаражалпы білім беру оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары арасында өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның Бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Конкурс бағдарламасы

Сәрсенбі, 15 мамыр

9.00-14.00– қатысушыларды тіркеу.

16.00-17.00– конкурстың салтанатты ашылуы.

Бейсенбі, 16 мамыр

09.30-13.00- конкурсты 4 номинация бойынша өткізу.

17.00-18.00- конкурстың жабылу салтанаты