8 (7182) 618129 8 (7182) 321038

«Жарқын болашақ» ІV республикалық олимпиадасы

Дата: 30-11-2011 09:54

 

Қалалық (аудандық) білім басқармаларының

 бастықтары мен арнайы мамандандырылған

мектеп директорларына

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің .№ 02-3/1461 хатына сәйкес  қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысы білім басқармасы  2011ж. 08 қараша айында бекітілген «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры  ҚР білім және ғылым министірлігінің қолдауымен 2009 жылдан бері еліміздің жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасын өткізеді.

«Жарқын болашақ» ІV республикалық олимпиадасы аясында «КАТЕV» қорының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 201/136 бұйрығымен бекітілген Ережелерге сәйкес бес бағыттағы «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері» «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты конкурстар жүргізіледі.

Олимпиада үш кезеңде: 1 кезең – аудандық (желтоқсан-қантар), 2 кезең – облыстық (ақпан, наурыз), 3 кезең – республикалық (4-6 сәуір) өткізу жоспарланып отыр.

Аудандық  кезеңнің тиісті деңгейде  өткізуін қамтамасыз етуін сұраймыз.

«Жарқын болашақ» ІV республикалық олимпиадасының  Ережесі  «Ертіс дарыны» АҒТО-ның www.ertisdaryn.kz  сайтында хабарланады.

 

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2010 жылғы

18 қарашадағы №201/136 бұйрығына №1 қосымша

 

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында

«Жарқын болашақ» ІVреспубликалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасын өткізу ережелері

I. Жалпы ережелер

  1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін «Жарқын болашақ» ІV республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының (бұдан әрі «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаттары:
  2. мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
  3. қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
  4. оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
  5. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:
  6. оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;
  7. тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;

III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11-сынып оқушылары қатыса алады.
  2.  «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, ән айту, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс.(5 конкурстың ережелері №2 қосымшада берілген)
  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасы үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – аудандық кезең. Ол желтоқсан-қаңтар айларында өтеді;

2 кезең – облыстық кезең. Ол ақпан-наурыз айларында өтеді;

3 кезең – республикалық кезең (финал). 2012 жылы 4-6 сәуірде Астана қаласында өтеді.

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңін жергілікті ұйымдастыру комитеттері өткізіп, қорытындысын ақпанның 1-іне дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне жібереді.
  2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын жергілікті қазақ-түрік лицейлері білім басқармаларымен бірлесіп өткізеді және оның қорытындысын сәуірдің 1-іне дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жібереді (№3 қосымшадағы үлгі бойынша).
  3. Әрбір облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:

Конкурс атауы

Тобы

Оқушысаны

Барлығы

«Тілші-әдебиетшілер»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Әнші-бұлбұлдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жас ғалымдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

 
  1. Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады.
  2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1,2-кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеттері, ал үшінші кезеңнің тапсырмаларын KATEV ХҚҚ қазақ тілі бірлестігі дайындайды.
  3. Алдыңғы «Жарқын болашақ» олимпиадаларының республикалық кезеңінің ақтық кезеңінің жеңімпаздары қатыса алмайды.

IV. Қаржыландыру

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының 1-3-кезеңдерін тиісті білім органдары қаржыландырады.
  2. Оқушының олимпиадаға қатысуға байланысты шығынын жіберіп отырған мекеме көтереді.
  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру комитетіне қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, ынталандыру сыйлығын алуға қосымша қаражат бөлу жүктеледі.

V. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамын «KATEV» ХҚҚ бекітеді.
  2. Республикалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – «KATEV» ХҚҚ-ның вице-президенті.
  3. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:
  4. олимпиаданы ұйымдастырады және оны өткізуге тікелей басшылық жасайды;
  5. қазылар алқасы құрамын бекітеді;
  6. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қ., Жұмалиев к., 28-үй. Тел: 8(727) 2753141; e-mail: birlik77@gmail.com

VI. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы:

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;
  2. Қазылар алқасының міндеттері:
  3. қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;
  4. қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;
  5. жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
  6. жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;
  7. KATEV ХҚҚ-ға республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша есеп береді;

VI I. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

  1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өткізіледі.
  2.  «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша 6 жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді. (аудандық, облыстық кезеңнің жүлделі орын санын тиісті білім органдары белгілейді.)
  3. «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға бағалы сыйлық табыс етіледі (аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары тиісті білім органдарының дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.).
  4. Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.
  5. «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізуде белсенді жұмыс атқарғаны үшін қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері Құрмет грамотасымен марапатталады.

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2010 жылғы

18 қарашадағы №201/136 бұйрығына №2 қосымша

 

«Жарқын болашақ» III республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының

5 конкурсы бойынша ережелер

I. «Сөз шеберлері» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
  2. Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
  3. Шарттары:
  4. Қатысушы 1 прозалық және 1 поэзиялық шығарманы (немесе үзінді) жатқа мәнерлеп оқиды.
  5. Шығарманың тақырыбы ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттау керек;
  6. Мәнерлеп оқуға берілетін уақыт мөлшері (1 тақырып үшін) – 5 минут.
  7. Сөз шеберлері» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау

1) Дауысы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) киімі
2) жатқа оқуы

3) әуені (фон)

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

 

II. «Тілші-әдебиетшілер» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін бағалау жарысы.
  2. Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру.
  3. Шарты: қатысушылар 2 бөлімнен тұратын және тест сұрақтарынан құралған сынақ тапсырады: 1-бөлімнің тапсырмалары қазақ тілі пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы). 2-бөлімнің тест сұрақтары қазақ әдебиеті пәнінен (5–11-сынып, қазақ және орыс тобы) құрастырылады (барлығы 50 тест сұрағы).
  4. Сынаққа берілетін уақыт мөлшері – 120 минут.
  5. Сынаққа қатысты қосымша түсініктемелер сынақ алдында айтылады.

III. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы

  1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
  2. Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.
  3. Шарттары:
  4. Қатысушылар қазақ халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындайды.
  5. Ұлттық құндылықтарды (тарих, тіл, отан, ұлттық тәрбие т.б.) насихаттайтын әндер болу керек;
  6. Әнді орындаушының вокалдық қабілеті бағаланады және әуен (минусовка) сапалы болу керек.
  7. Ән жанды дауыспен орындалу керек және орындаушы әннің сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізе білу керек.
  8. Ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе білуіне және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәнеріне назар аударылады.
  9. Әнді орындаушы қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
  10. «Әнші-бұлбұлдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Әннің сөзін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу

Ұлттық құндылықтарды насихаттау

1) Ән мен саздың және қимылдың үйлесімділігі
2) Сахнада өзін ұстау мәнері

1) вокалы
2) әуені

3) киімі

5ұпай

5ұпай

5ұпай

5ұпай

 

IV. «Жас ғалымдар» конкурсы

  1. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы.
  2. Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау.
  3. Шарттары:
  4. Ғылыми жоба тақырыбы қазақ тілі мен әдебиетіне (тарихы, теориясы, өзекті мәселелері т.б.) қатысты болу керек.
  5. Қорғаушының ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізуі, тың тақырыпты таңдауы, жаңалығы бағаланады.
  6. Ғылыми жұмыс стандарттағы ғылыми жобаның жазылу шарттарына сәйкес дайындалуы керек (ғылыми жетекші мен сарапшының пікірі болуы керек).
  7. Қорғаушы өз жұмысын қорғағанда, компьютер, проектр, плакат секілді құралдарды қолдана алады.
  8. Қазақ ұлттық киімімен шығу керек.
  9. Қорғаушыға берілетін уақыт мөлшері – 15 минут.
  10. «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша бағалау ұпайлары:

Ғылыми жобаны тіл табиғатын сақтап жеткізу, тақырыбын аша білуі

Тыңтақырып, жаңалығы

1) ғылыми жоба талап-тарына сай орындалуы
2) дизайны

1) Киім

2) Уақыт

Жұмысқа қатысты қосымша сұраққа жауабы

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5ұпай

 

V. «Жазушылар» конкурсы

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.
  2. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
  3. Шарттары:
  4. Оқушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны бағаланады;
  5. Эссе көлемі 2 беттен кем болмау керек;
  6. Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.
  7. Эссе тақырыптары: қазақ тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолы, жетістіктері, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығы, бірлік пен татулық, ерлік пен батырлық, руханият, әдептілік қағидалары, зиянды әдеттер т.б.

 

«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының 2010 жылғы

18 қарашадағы №201/136 бұйрығына №3 қосымша

 

Қызылорда облысы бойынша«Жарқын болашақ» ІV республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының финалына қатысатын оқушылардың тізімі (үлгі)

 

Тегі, аты,

әке аты

Мектеп

Сы-нып

Ұлт

Ұл-қыз

Конкурс атауы

Тақырып

Мұғалімі

1

Ибрагимов Қанат Сұлтанбекұлы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 орта мектебі

11

қазақ

ұл

«Сөз шеберлері»

М.Шаханов «Төрт ана»

Әсетова Айна Болатқызы

2

 

 

 

 

 

«Сөз шеберлері»

 

 

3

 

 

 

қазақ

 

«Тілші-әдебиетшілер»

 

 

4

 

 

 

 

 

«Тілші-әдебиетшілер»

 

 

5

 

 

 

қазақ

 

«Әнші-бұлбұлдар»

 

 

6

 

 

 

 

 

«Әнші-бұлбұлдар»

 

 

7

 

 

 

қазақ

 

«Жас ғалымдар»

 

 

8

 

 

 

 

 

«Жас ғалымдар»

 

 

9

 

 

 

қазақ

 

«Жазушылар»

 

 

10

 

 

 

 

 

«Жазушылар»