8 (7182) 618129 8 (7182) 321038

«Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

Дата: 02-09-2013 18:01

 

«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2012-2013 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес жаңа инновациялық жоба Болатхан Тайжанов атындағы «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізетінін хабарлайды. Олимпиада 2013 жылдың 24-ші қазанында дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейі базасында өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты– жасөспірімдердің ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыра отырып,  олардың өмірге деген белсенділігін және азаматтық позициясын, патриоттық санасын, туған елдің тарихи және рухани мұрасына құрмет сезімін арттырып, өскелең жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу.

Олимпиаданың өту тілі – қазақ тілі.

Қатысатын сыныптары:7-8.

Олимпиаданы өткізу Ережесі қосымша берілген.

Олимпиадаға әр аудан (қаладан), мамандандырылған мектептерден 2 оқушыдан шақыралады. Сұранысты 25-ші қыркүйекке дейін төмендегі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

 

Аты-жөні

Сыныбы

Мектебі

Аудан (қала)

Жетекшісінің аты-жөні

Байланыс телефондары

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраныстар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Ленин көшесі,127, тел/факс(7182) 32-10-38, 61-81-29, Е-mail: ertis_daryn_pvl@mail.ru

 

Болатхан Тайжанов атындағы «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

 

1.Болатхан Тайжанов атындағы «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасын (әрі қарай Олимпиада) өткізу Ережесі оның мақсатын, міндеттерін және қаржыландыру тәртібін анықтайды.

2.Олимпиаданың мақсаты:Тарих пәні арқылы оқушылардың өмірге деген белсенділігін және азаматтық позициясын, патриоттық санасын, туған елдің тарихи және рухани мұрасына құрмет сезімін арттырып, өскелең жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу.

3. Міндеттері:аймақтың білім беру ұйымдарында өлкетану, тарих және этнография бойынша ізденушілік-зерттеушілік қызметін белсендіру, білім алушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытып, балалармен тарихи жұмыстың инновациялық әдістері мен түрлерін іздеу, баланың тұлғасынан шығармашылық әлеуетін дамыту.

        

 

2. Өткізілетін орны және уақыты

 

4. Олимпиаданың өту орны тұрақты түрде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп лицейі болады. Мекен-жайы: Толстой көшесі, 95. Тел: 32-61-89    Е-mail: pvl_sch10@mail.ru

5. Олимпиаданың өтетін уақыты мектеп ұжымының педагогикалық отырысында анықталады. 2013-2014 оқу жылында олимпиаданы өткізу уақыты 2013 жылдың 24 қазанына белгіленіп отыр.

        6. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін мектепішілік ұйымдастыру комитеті құрылады

        7. Олимпиаданың қорытындысын шығару үшін әділ-қазылар алқасы мектеп директ орының бекітуімен әкімшілік отырыста анықталады.

 

3.Қатысушылар

 

  1. Олимпиадаға тарих пәнінен қызығушылығы бар жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып білім алушылары және қатыса алады.
  2. Әрбір дарынды балаларға арналған мектептерден, қала және аудандардан 2 қатысушыдан  (бір жетекші) қатыса алады.
  3. Олимпиадаға келу сапарында, өтіп жатқан іс-шара барысында және қайту сапарында қатысушылардың өмірі мен денсаулығына делегация жетекшісі толық жауапты.

 

 

 

4. Өткізу тәртібі

 

10. Олимпиада екі турдан тұрады:

  1. Бірінші тур – тарихи шығарма жазу

Тарихи шығарма «Ежелгі Қазақстан тарихы», «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы», «Жаңа замандағы Қазақстан тарихы» курстарынан 3 тақырыптан құралады. Әр тақырыпқа жазылған шығарма 10 ұпайға бағаланып, жалпы 1 турдың жоғары шекті ұпайы 30 ұпайды құрайды.

  1. Екінші тур  - ауызша тур.

Екінші турға алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 10 оқушы ғана қатысады. Қалған оқушылар үшін олимпиада аяқталады.

Екінші турда «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» курсы бойынша 3 сұрақтан құралған 1 билет беріледі. Әр сұрақтың жауабы 10 ұпайға бағаланады.

Жалпы олимпиаданың қорытындысы - екі кезеңнен нәтижесі бойынша шығарылады.

 

5.Жеңімпаздарды марапаттау

 

12.Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлері әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша хаттаманы толтыру арқылы анықталады.

13. Олимпиаданың жеңімпаздары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен  марапатталады.

14.Олимпиаданың  абсолют жеңімпазына облыстық Б.Тайжанов атындағы арнайы сыйлық және «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жазғы оқу-жаттықтыру демалыс лагеріне жолдама беріледі.

 

6.Қаржыландыру

 

15.Олимпиадаға қатысушылардың жол жүру ақысын жіберуші жақ қамтамасыз етеді.

16.Олимпиаданы ұйымдастыруға қажетті шығындарды: дипломдарды шығару мен арнайы сыйлықтарды алуды, «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің жазғы оқу-жаттықтыру демалыс лагеріне жолдамаға төлем-ақыны Б.Тайжанов атындағы қоры есебінен болады.

17. Жеңімпаздар тізіміне кірмеген барлық қатысушылар сертификат алады.