«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін өткізетінін хабарлайды. Олимпиада жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, география, физика, химия, биология) және қоғамдық-гуманитарлық (Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі) бағыттар бойынша өтетін болады. 2024 жылғы 7 ақпанда – 7 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық гуманитарлық бағыты, сағат 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты; 8 ақпанда – 8 сыныптарға сағат 10:00-де қоғамдық-гуманитарлық бағыты, сағат 14:00-де жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өтеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі «Ертіс дарыны» сайтында орналасқан.
Similar Posts
Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО негізінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189) 2023 жылғы 12 сәуір күні 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі. Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық/аудандық іріктеуден өткен жеңімпаздар қатысады. Олимпиаданын өткізілетін уақыты: 10.00-12.00 Тіркеу уақыты: 09.00
Облыстық көптілділік олимпиадасын өткізу туралы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров университетімен бірлесіп облыстық көптілділік олимпиадасын өткізеді. Олимпиада 2023 жылғы 18 қазан күні «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында (Ломов к., 64) өтеді. Ережеге сәйкес Олимпиадаға қатысушылар тапсырмаларды 3 тілде орындайды: қазақ (міндетті), орыс (міндетті) және ағылшын, француз, неміс, қытай (таңдау бойынша). Олимпиадаға қатысуға 9, 10, 11 сынып оқушылары…
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы жылғы 18-23 сәуір аралығында «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптардың сақталуымен, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді. Жыл сайын Республикалық олимпиада…
«Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының облыстық кезеңі
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ғы «Robotеk Grand Tournament» атты республикалық чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) облыстық кезеңін 2024 жылғы 23 қаңтарда «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» негізінде (Ломов көш., 38) өткізетінін хабарлайды. Чемпионаттың мақсаты: Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасынын танымал ету. Роботтарды құратыру, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласында дарынды оқушыларды…
«Myn baIa» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өткізу туралы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Myn baIa» Ұлттық зияткерлік олимпиаданың ІІ кезеңі (тестілеу) 2022 жылғы 29 сәуірде өтетінін хабарлайды. Олимпиаданың ІІ кезеңін өткізу екі жерде Ustudy негізінде ұйымдастырылған: Павлодар қаласы (М. Горький к., 120/2). Қатысушылар саны – 124 (1 қосымша); Екібастұз қаласы (Энергетиков к., 54 А). Қатысушылар саны – 59 (2 қосымша)….
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру, зияткерлік — шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру. Шараға 5-8 сынып оқушылары жеке және 2 қатысушыдан аспайтын…