Зияткерлік жарыстар мен конкурс түрлерінің бөлімі

-оқушылардың зияткерлік дарындылығын аймақтық деңгейде анықтау, дамыту және қолдау жүйесін құру;

— облыстың зияткерлік дарынды балаларының деректер банкін құру;

— әр түрлі бағыттар бойынша аймақтық зияткерлік олимпиадалар, жарыстар, конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

 — зияткерлік жарыстар мен конкурстарды өткізу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу;

— республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу үшін облыстық құрама командалардың мүшелерін дайындау;

 — облыс оқушыларының республикалық және халықаралық бейіндік ауысымдарға қатысуын ұйымдастыру.

 Жапарбекова Акмарал Нургазиновна, зияткерлік жарыстар мен конкурс түрлері бөлімінің меңгерушісі.

Шығармашылық даму және оқытудың қосымша түрлері бөлімі

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

— шығармашилық конкурстар, байқаулар, фестивальдерді  ұйымдастыру және өткізу;

— интеллектуалдық олимпиадалар мен турнирлерді ұйымдастыру және  өткізу;

— дарынды балалардың демалысын ұйымдастыру.

Саламбекова Дамели Кабдышукуровна, шығармашылық даму және оқытудың қосымша түрлері бөлімінің  меңгерушісі.

Ғылыми-әдістемелік қызметі бөлімі

Бөлім қызметінің  негізгі  бағыттары:

— шығармашылық жұмыстар мен зерттеу жобаларының конкурстары мен олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу;

— облыстық сыртай оқу мектебінің жұмыстарын ұйымдастыру;

— жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу;

— зияткерлік олимпиадалар, турнирлер ұйымдастыру және өткізу;

— ауыл оқушылары үшін облыстық сырттай мектептің жұмысын ұйымдастыру.

 

Жас дарындарды  қолдау және дамыту бөлімі

Бөлім қызметінің  негізгі  бағыттары:

түрлі бағыттар бойынша өңірлік зияткерлік олимпиадалар, жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

«QABILET»  қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарларын диагностикалау және одан әрі оқыту мен кәсіби даму бойынша кеңес беру;

Павлодар облысының ауыл мектерінде білім алатын оқушыларды қосымша білім беру жүйесі арқылы қолдау мен дамыту («Жас кемеңгер» мектебі);

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның қызметіне байланысты мәселелерді ақпараттық жария ету.

Абаильдинова Жулдуз Кадыровна, жас дарындарды қолдау және дамыту бөлімінің меңгерушісі.