IV Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қорытындысы
Философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2024 жылғы 16 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді. Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша…

