«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10:00-де – 7 сыныптарға, 12 желтоқсанда сағат 10:00-де – 8 сыныптарға қалалық/аудандық білім басқармалары және мамандандырылған мектептер өткізетінін хабарлайды.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтетін болады (қосымша 1).
Олимпиада өтетін кабинеттің жалпы түріндегі камерамен қамтамасыз ету, яғни ютуб-каналына бейнетрансляцияны қосу және сілтемені аудан/қала/мамандандырылған білім беру ұйымдарының ресми сайтына орналастыру қажет. Интернет үзіліп қалса, бейнежазба жалғастырылуы керек. Бейнежазба олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі аяқталғанға дейін сақталу тиіс.
Олимпиада тапсырмалары «Дарын» РҒПО http://ro.daryn.kz сайтында басталуына 1,5 сағат қалғанда қол жетімді болады. 11 пән бойынша 30 тест сұрақтары болады, ал «информатика» пәні компьютерге арнайы бағдарламада орындайды. Жаупты маман туралы ақпаратты 5 желтоқсан сағат 17:00-ге дейін төмендегі кесте бойынша толтырып ertis_daryn_pvl@mail.ru «Ертіс дарыны» электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша
7-8 сынып оқушыларына арналған
республикалық олимпиада пәндерінің тізімі
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
- Қазақстан тарихы
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі
- Ағылшын тілі
Жаратылыстану-математикалық бағыт
- Математика
- Информатика
- География
- Физика
- Химия
- Биология