2025 жылғы 13-14 ақпан аралығында қыз балаларға арналған Халықаралық  математика олимпиадасы онлайн режимде EGMO форматында өткізілуде. Олимпиадаға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі және облыстық көп салалы лицей-мектебінің оқушылары іріктеу кезеңіне қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты: көптеген қыздарға халықаралық аренада математикамен айналысуға мүмкіндік беру, осылайша барлық Еуропа елдеріндегі математикалық дарынды жас қыздарды ашу, ынталандыру және шақыру.

Олимпиада екі турдан тұрады әр турға 4 тапсырма беріледі. Әр турдың орындалу уақыты 4 сағат.