«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 27 наурызда 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Шараға 7 аудан, 3 қала және 5 мамандандырылған мектептен 35 оқушы қатысты.
Сайыс қорытындысында 20 оқушы жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 3, ІІ дәрежелі дипломмен – 6, ІІІ дәрежелі дипломмен – 11.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – (Мағжан шығармаларын жатқа оқу) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Әлібек Әли; ІІ дәрежелі дипломмен – Тереңкөл ауданы Песчан №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сембай Бекзат; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 9-сынып оқушысы Мухамеджанова Сания; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 7-сынып оқушысы Бақтияр Ерасыл; Екібастұз қ. Атығай ЖОББМ 8-сынып оқушысы Береке Қарагөз; Ақсу қ. М. Қабылбеков ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аманкелд Алтанхан; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Асылбек Исламбек марапатталды.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар) бағытында І дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ю. Гагарин ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Тиленш Еркебулан; ІІ дәрежелі дипломды – Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жұмажан Назерке; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Медіғат Кәусар; ІІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; Май ауданы Саты ЖНББМ 7-сынып оқушысы Думан Акбар; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Қайрат Алдияр иеленді.
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» (ақын шығармашылығы бойынша зерттеу жоба жазу) бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №5 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жәңгір Нұрсана; ІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10-сынып оқушысы Қизат Жанерке; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 6-сынып оқушысы Бекіш Айзере; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №2 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Тлеу Айзере; Аққулы ауданы Жаңатан ЖНББМ 9-сынып оқушысы Оразова Гүлжайна; Ақтоғай ауданы Абай ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Булатбаев Расул; «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жарасова Алтынай ие болды.
Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы