Философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2025 жылғы 15 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласының «Самғау» шығармашылық балалар орталығында республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.
Шығармашыл жас өрендер додасын Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қорының қолдауымен бесінші рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.
Қазылар алқасының құрамына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары, республиканың көрнекті машһүртанушылары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Торайғыров Университетінің, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің филология ғылымдарының доторлары мен кандидаттары кірді.
Сайысқа 13 облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 92 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының шешімі негізінде 37 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 5, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 17.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»
І орынды – Манғыстау облысы дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Айбекұлы Алмаз;
ІІ орынды –Абай облысы Қарауыл ЖОББГ 10-сынып оқушысы Серікболұлы Сырым және Павлодар облысы Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Баршинбаев Мейржан;
ІІІ орынды – Атырау облысы Индер ауданы Қ. Абаханов ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Кенжебек Нұрхан, Қызылорда облысы Қазалы ауд. Жанқожа батыр ат. №70 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жәуміт Аяулым иеленген;
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» — ғылыми жоба қорғауда Бас жүлдеге – Алматы облысы №38 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Серік Айгерім;
І орынға – Маңғыстау облысы Ғ. Айдаров ат. №1 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тилеген Ержан;
ІІ орынға – Атырау облысы Индер ауданы Махамбет ат. орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мүти Альфия және Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Дарбаева Аида;
ІІІ орынға – Ақмола облысы Көкшетау қ. Красный Яр №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Құнанбай Жанерке, Жетісу облысы Талдықорған қ. М. Арын ат. №24 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Абсейтова Балауса, Павлодар облысы Баянауыл ауданы М.Ж. Көпейұлы ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Исабек Нұралы, Шымкент қ. Ы. Алтынсарин ат. №65 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сатжанова Нурсая ие болды.
«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» — эссе жазуда Бас жүлдені – Атырау облысы дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұрлан Гүлайым;
І орынды – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанмурат Айяулым;
ІІ орынды – Абай облысы Көкбай ат. орта мектебінің 11-сынып оқушысы Абзалқызы Маржан, Маңғыстау облысы Қызылтөбе лицейінің 8-сынып оқушысы Муханадин Ақмаржан;
ІІІ орынды – Ақмола облысы Көкшетау қ. С. Жүнісов ат. №18 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Шәріп Айша, Алматы облысы №26 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Омар Тамирис, Жетісу облысы Талдықорған қ. М. Арын ат. №24 мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы Нурбекқызы Айдана жеңіп алды.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағытында Бас жүлде иегері – Түркістан облысы Ұлықбек ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ермахан Арайлым;
І орын – Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ЖОББМ 10-сынып оқушысы Абилдинова Нурдана;
ІІ орын – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №224 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абзалқызы Кәусар, Павлодар қ. Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Орал Гульден;
ІІІ орын – Ақмола облысы Ақкөл қ. Ж. Бектұров ат. орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амандыққызы Аружан, Ақтөбе облысы №8 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жоламанова Жанерке, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Ақбұлақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бекмахамбет Абзал, Астана қ. Мәшһүр Жүсіп ат. №57 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Күшімбек Ерасыл.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағытында Бас жүлдені – Алматы қ. №210 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Әбікен Мұқалы;
І орынды – Павлодар облысы Екібастұз қаласы №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Игілік Нұрай;
ІІ орынды – Жамбыл облысы Жуалы ауданы №25 Ақтөбе тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Оразбаева Арайлым, Қызылорда қ. №173 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Мәлік Төлек, Маңғыстау облысы №14 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Шайхиева Сымбат;
ІІІ орынды – Ақмола облысы Аршалы ауданы Елтоқ ЖОББМ 9-сынып оқушысы Тилейхан Тогжан, Шығыс Қазақстан облысы Мукарама ат. мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Кажигереева Кәусәр, Жетісу облысы Ақсу ауданы Н. Есеболатов ат. орта мектебінің 10-сынып оқушысы Асқарқызы Аружан, Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Сәмет Нұрдәулет иеленді.
Байқау барысында қатысушылары мен жетекшілерге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне бару ұйымдастырылды. Оқушылар мен жетекшілер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музейін тамашалады.
Шара қатысушыларына сертификаттар мен естелік кітапшалар табысталды.


