Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 16 қыркүйекте VІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізіледі.
Олимпиадаға Павлодар облысы ауылдық жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт) 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада үш айналым бойынша өткізіледі: 1 – алдын ала оқуға ұсынылған көркем шығармалар негізінде дайындалған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. 2 – кіріктірілген 25 тест сұрақтарына жауап беру. 3 – әдеби шығармалар бойынша тапсырмалар орындау.
Жеңімпаздар (1 орын) мен жүлдегерлер (2,3 орын) олимпиаданың үш айналым нәтижелерінің негізінде анықталып, Павлодар облысы білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Өткізу орны: Павлодар қ. №35 ЖОББМ (Айманов көш. 37).

