«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 24 қыркүйекте облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 8-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «Махамбет оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді.
Шараға 3 қала, 10 ауданның жалпы білім беру ұйымдары мен 8 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 73 оқушы қатысты.
Байқау бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ұлы арман» — Махамбет шығармасына иллюстрациялық сурет салу; «Ел құтқарар ер едім…» — ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын…» — жас ақындар сайысы; «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Оқулар қорытындысында 34 оқушы жүлделі болды, оның ішінде І орын – 5, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 17. Жүлделі оқушыларға Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдары мен грамоталары табысталды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Тартынбай сөйлер асылмын…» (жас ақын) бағытында І дәрежелі дипломмен – Ертіс ауданы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Хайрат Айзере (мұғалімі Шингисова Ж. Т.);
ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №11 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Қасымханов Алихан (мұғалімі Сулейменова Х.Б.), Ақсу қаласы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт (мұғалімі Кожанова Н. А.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы № 33 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Қажет Еркеш (мұғалімі Куямбаева А. А.), Май ауданы Саты негізгі орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Думан Акбар (мұғалімі Телеухан Г.), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының 7-сынып оқушысы Абдираимов Ержигит (мұғалімі Тұрғанбек А. С.) марапатталды.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» (тақырып қорғау) бағытында І дәрежелі дипломмен – Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз»облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Мағамет Аяжан (мұғалімі Кұрымсын М. А.); ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы Қазантай негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Мурсалимов Аслан (мұғалімі Нұрдәулет Жігер), Железин ауданы М. Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Олжабаева Айару (мұғалімі Бекжанова Н. А.);
ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Талипова Анэля (мұғалімі Абдрахманова К. А.), Ертіс ауданы И. Байзаков атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысыКанатова Жансая (мұғалімі Нуркенова Н. Б.), «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Батырхан Әлем, Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Сабиганова Аружан (мұғалімі Айтмагамбетова Б.Ж.) марапатталды.
«Ел құтқарар ер едім…» (жатқа оқу) бағытында І дәрежелі дипломмен – Ақсу қаласы Жамбыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол (мұғалімі Мустафанова Б. М.); ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы
С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Дәуіт Сезім (мұғалімі Тогтасын Ж.), Павлодар ауданы Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Мустафин Ерасыл (мұғалімі Тулегенова Н.О.), «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп- лицейінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әли (мұғалімі Шаймерденова А.Т.);
ІІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 9-сынып оқушысы Қанат Кәусар (мұғалімі Кобешова М. Д.), Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жүкен Абдуррахман (мұғалімі Рахметова А. Д.), Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Серік Елнұр (мұғалімі Сексенбаева Ж. Т.), Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Досымжанова Айнара (мұғалімі Армангуль Мутанқызы) марапатталды.
«Шашақты найза, шалқар күй» (күйлер орындау) бағытында І дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия- интернатының11-сынып оқушысы Алтай Ақбота (мұғалімі Шаймерденова К. М.); ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Бекмолдина Нажикен (мұғалімі Сибанбаева Б. А.), Екібастұз қаласы Байет жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Еркінбайқызы Нұрсәуле (мұғалімі Хампи Қымбат); ІІІ дәрежелі дипломмен – Железин ауданы №1 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Нуриден Расул (мұғалімі Айтбаев Д. Х.), Павлодар ауданы №2 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Төлеген Әлмират (мұғалімі Айтмурзаева А. З.) марапатталды.
«Ұлы арман» (сурет салу) бағытында І дәрежелі дипломмен – Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Каримова Дильнур(мұғалімі Толеу Каукер); ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы Ә.Бөкейханатындағы лицей-мектебінің 10-сынып оқушысы Молдағали Ибраһим (мұғалімі Сибанбаева Б. А.), Екібастұз қаласы № 26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмағұл Жанель (мұғалімі Әліппи Н. Қ.), Май ауданы А. Иманов атытдағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрәділ Дарын (мұғалімі Кожаханова Ш. Т.); ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қаласы Малайсары батыр ат. ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сембаева Амира, Ақтоғай ауданы Тіленшін атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ермуратова Альфинура (мұғалімі Камзинова Г. Т.), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Кабир Дания (мұғалімі Жакиенова О. А.),
Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 8-сынып оқушысы Дүйсенқызы Марфуға (мұғалімі Солтан Г.К.) марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы

